Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Major-Minor білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі тұрақты әдістемелік семинар шеңберінде талқыланды

5 желтоқсанда университеттің жоспарына сәйкес «Негізгі және қосымша траекториялармен (Major-Minor) білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында тұрақты әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға ТӘС мүшелері, сондай-ақ факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысты.

Лектор - пс.ғ.к., психология және коррекциалық педагогика кафедрасының доценті, «Зияткер» ҒББО жетекшісі Стельмах Светлана Александровна - қатасушыларды Major-Minor білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырды, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыретті маманды қалыптастыруда олардың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Minor мамандыққа тікелей қатысы жоқ жеке немесе кәсіби мүдделермен анықталуы мүмкін. Мысалы, аэрокосмостық техника инженері мамандығын ала отырып, өнер мен музыка бойынша творчестволық бейімділікті Minor бағдарламасы арқылы іске асыруға болады. Немесе бизнестегі Major-ды Minor-мен толықтыруға болады, мысалы молекулярлық физикада», - деп атап өтті Светлана Стельмах.

Ескерте кетсек, Major - бұл пәндері кәсіби құзыреттілікті қалыптастыратын негізгі білім беру бағдарламасы, Minor - бұл пәндері қосымша құзыреттілік қалыптастыратын қосымша білім беру бағдарламасы. Дегенмен, бұл пәндер оқыту бағыттары үшін бейінді емес болып табылады және олар бір - бірімен байланысты немесе байланысты емес пәндер болуы мүмкін.

Семинар барысында іскерлік-ойын ұйымдастырылып, оған қатысушылар Minor бағдарламалардың мысалдарын өз бетімен жасап шығарды. Бағдарламалардың негізгі шарты: әзірленген қосымша білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді дамытуға бағытталуы,  заманауи талаптарға сай болуы, білім алушылар мен жұмыс берушілердің қызығушылығын тудыруы.

Болашақта университеттің оқу үрдісіне Major-Minor бағдарламаларын белсенді түрде енгізу жоспарланып отыр.

Әдістемелік жұмыс іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo