Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Максим Горькийдің 150 жылдығына арналған көрме ашылды

Ғылыми кітапханада жазушының мерейтойына орай студенттер мен оқытушыларға арналған көрме ашылды. Көрмеде ұлы суреткердің туындылары және ол туралы жазылған еңбектер қойылған.

Максим Горький болып танылған Алексей Пешков Нобель сыйлығына бес рет ұсынылған болатын. Ол – КСРО-дағы кітаптары ең көп басылған жазушы.

Максим Горький 1868 жылдың 28 наурызында Ресейдегі Нижегород губерниясының Канавино қалашығында туған. Әкесі Максим Пешков қарапайым ұста болған адам. Анасы ерте қайтып, апасы Акулина Ивановнаның тәрбиесін көрген. Бала кезінен қиындық көрген оған 11 жасынан түрлі ауыр жұмыстар атқаруға тура келген-ді. Өмірдің ащысын көп тартқан ол өзіне «Горький» деген лақап атты да сол үшін таңдаған болатын. Горькийдің өмірбаяны «Детство», «В людях», «Мои университеті» повестерінде баянд алады.

Жазушының «Старуха Изергиль», «Бывшие люди», «Челкаш», «Двадцать шесть и одна» әңгімелері мен «Песня о Соколе» поэмасы әлем әдебиетінің үздік туындылары саналады.

Қазақ
× You found a Typo