Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Медиа және ақпараттық сауаттылық» халықаралық онлайн-конференциясы өтті

4 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Рухани жанғыру» конференц-залында U.S. Embassy Small Grants Program «Media and Digital literacy» жобасы шеңберінде журналистика мамандығының оқытушылары мен студенттеріне арналған «Медиа және ақпараттық сауаттылық» халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізген конференцияға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Эрик Фридман байланысқа шықты.

Конференция барысында Қарлыға Мысаева, Ғалия Ибраева, Сәуле Барлыбаева өз жұмыстары мен презентацияларын таныстырып, құттықтау жолдады. Келесі кезекте ШҚМУ журналистика мамандығының аға оқытушысы Г. Бекбосынова өткен оқу жылындағы конференция туралы баяндады.

Конференцияға қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары Л. Абдуллина, Ә. Берікболова, Т. Галкина, Н. Чыншаева және журналистика мамандығының студенттері қатысты.

Журналистика мамандығы қазақ тобының 3 курс студенттері Е. Әбенғазыева, Л. Қанатқызы, орыс тобының 4 курс студенттері А. Мұхамедқалиева, Н. Дерябин фактчекинг мәселелері туралы нәтижелерімен бөлісті. Конференция соңында Mediasauat.com сайты құрылып, мақсаты  таныстырылды.

Ләззат Қанатқызы,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo