Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Медиация – заман талабы» халықаралық конференциясы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Медиация – заман талабы» халықаралық конференциясы өтті, оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан медиаторлары қатысты.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың атынан Жоғарғы сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова құттықтау сөз сөйледі. Ол елімізде медиация қарқынды дамып жатқанын, бірақ татуласу мәдениеті әлі де қалыптаспағанын, адамдар дауларды соттан тыс шешкісі келмейтінін және шеше алмайтынын айтты.

Конференция ШҚМУ-да тектен-тек өткен жоқ. Оқу орнында медиацияны дамыту бойынша көптеген жүйелі істер атқарылуда.

– ШҚМУ оқытушылары медиатордың тиімді қызметінің кепілі заң мамандарын сапалы дайындау деп санайды. ЖОО 30 жыл бойы білікті заңгерлерді дайындап келеді, біз оларды мақтан тұтамыз! Бүгінде елімізде сот-құқықтық жүйенің жаңғыруы жүріп жатыр, университет кадрларды соған сай даярлауда. Еліміздің және шетелдің ғалым-заңгерлері дәрістер оқуға үнемі шақырылып тұрады. Ресей, Германия, Польша, Беларусь, Түркия және өзге елдердің заң саласындағы ЖОО-ларымен ынтымақтастық қарқынды дамуда. Айталық, былтыр ШҚМУ медиаторлары Минскіде өткен медиация бойынша конкурсқа қатысып, жүлделі оралды. Облыстық сотпен, прокуратурамен, полиция департаментімен студенттер іс-тәжірибесін өткізу жөнінде келісім-меморандумдар жасалған. Біздің студенттер конфликтология, заңгерлік конфликтология, заңгерлік психология, дауларды шешудің құқықтық тәсілдері курстарын оқиды, – деді форумда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген.

Ақпанда өскемендік студенттер мен оқушыларға арналған облыстағы бірден-бір Медиатор мектебі жұмысын бастады.

Алдағы сәуірде университетте Жастардың заң форумы аясында оқушылар мен студенттер арасында өңірлік медиация байқауы өтеді.

Сондай-ақ, ШҚМУ оқытушылары кәсіби медиаторлармен бірлесе облыста мектеп медиациясы жобасын іске асыруды да көздеп отыр.

Күннің екінші жартысында конференция жұмысы секциялар бойынша жалғасты. Іс-шара соңында жұмыс қорытындысы шығарылып, сертификаттар табысталды.

Конференция аясында «Altai jastary» студенттік телестудиясында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековпен сұхбат болып өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo