Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да мектеп бітіруші сынып оқушыларына «Өсу орталығы» дайындық курсының күзгі маусымы ашылды

29 қазан оқушыларға арналған «Өсу орталығы» каникулдық курсының күзгі маусымының ашылуы өтті. ҰБТ пәндерінен терең дайындық жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының 10 ауданынан оқушылар келді.

Олармен кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізілді, университеттің зертханалары мен мұражайына саяхат жасалды.

Оқушылар университетке ата-аналарымен және сынып жетекшілерімен келді. Балалар және олардың ата-аналары жоғары оқу орнына, әсіресе шығармашылық және педагогикалық мамандықтарға оқуға түсуге қатысты көптеген сұрақтар қойды. Мамандықтар және олар бойынша бейіндік пәндер туралы қойылған сұрақтардан қызығушылығы мен шешімдері бар тыңдаушылардың келгенін көруге болады.

Жалпы «Өсу орталығы» каникулдық курсының күзгі маусымының ашылуы позитивтік толқында өтті. Алдағы аптада жемісті еңбекпен және әсерлі сезімге үміт артамыз.

Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo