Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру бойынша Х республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру бойынша Х республикалық студенттік пәндік олимпиада салтанатты жабылып, қорытындысы шығарылды.

Марапаттауды стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова өткізді.

Олимпиада 19 команда арасында жүргізілді.

Нәтижесінде 1 орын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, 2 орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне, 3 орын М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне және М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне бұйырды.

Ал, жалпыкомандалық есепте 1 орынды М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2 орынды Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, 3 орынды А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, М. Өтемісова атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, «Silkway» халықаралық университеті иеленді.

Мұнымен қоса, «Біз командамен жұмыс істейміз» конкурсында М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Сенің мүмкіндігің» марафонында О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Сандық әлемге саяхат» креативті жобалар байқауында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Табыс формуласы» конкурсында У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті,  М. Өтемісова атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жеңімпаз атанды.

Олимпиада ережесіне сай келесі ХІ олимпиада Қызыордада, жеңімпаз атанған оқу орнында – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo