Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Мектепке университеттен алғыс» атты акциясы басталды

Университет ректоры М. А. Төлеген Өскемен қаласында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мектепке университеттен алғыс» атты акциясын бастады.

Акцияның мақсаты – мектептердің педагогагтар ұжымына жоғары кәсіпқойлығы және университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіру. Университеттің акциясына Өскемен қаласының мектептері қосылды.

Проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері және университеттің жетекші оқытушылары мектептердің педагогтар ұжымына алғысын білдірді.

Түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймыз және www.vkgu.kz сайтында оқу шартымен танысуға шақырамыз.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo