Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған онлайн-семинар өтті

9-сәуірде ZOOM бейнеконференциясы түрінде ашық сабақ өтті. Сабақ «Салық және салық салу» пәні бойынша «Арнайы салық режимдері» тақырыбында «Менеджмент» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінде оқитын 2-курс студенттерімен семинар түрінде өткізілді.

Сабақты қаржы және есеп кафедрасының доценті, э.ғ.к. Н.К. Шайханова ұйымдастырды. 

Ашық семинардың тақырыбы қызықты, әсіресе шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша мемлекет жүргізіп жатқан іс-шаралар жағдайында өзекті.

Сабақта оқытушы арнайы салық режимдерін пайдаланушылар үшін салық аударымдарын есептеу бойынша ситуациялық есептер ұсынды.

Есептерді шешуде оқытушы қашықтан басқарылатын интерактивті тақтаны пайдаланды, бұл үдеріс барлық аудиторияны қосып, белсенді етуге мүмкіндік берді.

Экономика және құқық факультеті

Қазақ
× You found a Typo