«Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Өскемен қаласындағы және облыстағы 9 сынып оқушылары арасында «Менің кіші отаным» республикалық байқауын өткізді.
Байқауда ең алдымен тарихи-өлкетану бойынша мәселелер қамтылып, ол байқаудың барлық кезеңдерінде – тестілеуде, эссе байқауында, жобаны қорғауда көрініс тапты.
Конкурсқа университетіміздегі Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары – т.ғ.к., доцент Ә. Өскембай, аға оқытушылар Е. Егоренкова, А. Бұлғынбаева, Қ. Жириндинова белсене қатысты.
Байқау алдында Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары мектеп оқушыларымен кездесті, онда олар университет жайлы, оның білім беру бағдарламалары жайлы әңгімелеп, кәсіби бағдар беру буклеттері таратылды.
Қазақстан тарихы кафедрасы,
фото Altaynews