Мұғалімдер күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 оқу ғимаратында университет оқытушыларына арналған мерекелік концерт өтті.
Құттықтау сөзді стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова айтты, бұдан соң мерекеге орай ұстаздар М.Н. Мадияров, А.С. Тлебалдинова, К.Н. Шолпанбаева алғыс хаттармен марапатталды.
Әріптестерін еңбек ардагері, тарих кафедрасының профессоры болған Иван Аникеевич Полторанин де құттықтады.
Концертте Ариана Полторанина, Гүлден Болатова, Ерлан Шұқатаев және өзге де орындаушылар ән шырқады.
Кеш Юрий Ананьевтің «Как молоды мы были» әнімен аяқталды, осы сәтте студентер оқытушыларға гүл шоқтарын тарту етіп, оларды биге шақырды.
Баспасөз қызметі