Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Мұғалімдер күніне арналған көрме ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының №1 оқу ғимаратындағы оқу залында Ұстаздар күніне орай кітап көрмесі ашылды.

Ұстаздар күнінің шығу тарихы қызық. 1965 жылы 29 қыркүйекте Кеңес одағы Жоғарғы кеңес президиумы жарлығымен мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісі деп бекітілді. Ұстаздар күнінің әлемдік деңгейде аталып өтуіне мұрындық болған Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бұл күнге 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен мұғалімдер мәртебесі туралы үкіметаралық конференция негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды. 1994 жылы ЮНЕСКО ұсынысымен 5 қазан – Бүкіләлемдік мұғалімдер күні деп жарияланды. Содан бастап 5 қазан - мұғалімдер, оқытушылар және білім саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлердің дүниежүзілік күні. Қазір ұстаздар күні жүзден астам елде аталып өтеді. Қазақстан, Беларусь, Латвия, Украина мұғалімдер күнін қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтеді.

Құрметті ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Шығармашылық ізденістеріңіз, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын!

Көрменің өтетін орны: №1 оқу ғимараты, №303 дәрісхана.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo