Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Мұқағалиға арналған әдеби-сазды кеш өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Студенттер үйінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті. 

 №4 студенттер үйінің белсенді студенттері ақынның туған күнін «Менде бір аппақ арман бар...» атты әдеби-сазды кеш аясында атап өтті. Кеш барысында ақынның жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. 

Кешті тамашалауға университет ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, факультет декандары мен топ кураторлары қатысты. 

Кеш соңында университет ректоры студенттерге ризалығын білдіріп, жастарға өнеге ретінде біршама өлең шумақтарын оқыды. Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Оралхан Бөкей, Мұхтар Шаханов сынды әдебиет майталмандарының шығармаларын оқып жүруге шақырды. 

Келесі күні Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ректорат отырысында кешті ұйымдастырушы 22 белсенді студентті алғыс хатпен және 10 мың теңгенің сертификатымен марапаттады.

Студенттер үйі тұрғындарының сұрауы бойынша кеш екінші рет қайталанып, көрермендер назарына ұсынылды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелерр бөлімі

Қазақ
× You found a Typo