Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Мәжіліс депутаттарымен кездесу өтті

Мәжіліс депутаттары Магеррам Магераммов пен Наринэ Микаелян С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушыларымен кездесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылады.

– Президенттің бас бастамасына Сіздердің ұсыныстарыңызды естіп, пікірлеріңізді білгіміз келеді, өйткені олар әрқайсымызға қатысты, – деді сапар мақсатын айтқан М. Магераммов.

Депутат «7-20-25» бағдарламасы туралы айтып, Ақтау, Атырау, Алматы, Астана қалаларында азаматтар 25 миллион теңгеге дейін, қалған өңірлерде, оның ішінде Шығыс Қазақстанда 7-ден 10 миллион теңгеге дейін несие ала алатындарын жеткізді.

– Несиені кімдер ала алады? Бұлар – жаңа кредиттер, яғни ипотекасы барлар оны ала алмайды. Негізінен жаңа үйлерге басымдық беріледі. Егер 7 миллион алсаңыз айына 49 мың теңгеден төлеп отырасыз. Мамырдың соңына дейін Ұлттық банк бағдарлама жасап шығады, тамыз айынан азаматтар екінші деңгейлі банктерден несие ала бастайды, – деді М. Магераммов.

Мәжілісмен гранттар мен жатақханаларға ерекше тоқталып өтті.

– Мемлекет осы жылы қосымша 20 мың білім грантын бөледі. Жалпы саны 75 мың орын болатын жатақханалар құрылысы жүргізіле бастайды. Елбасы тапсырмасына сай олар 2022 жылға дейін салынып бітуі тиіс.

Наринэ Микаелян кездесулерде тұрғындар тарапынан жалақы мөлшеріне қатысты сауалдар көп түсетінін атап көрсетті. ШҚМУ-да да осы мәселе сөз болды.

– Мұғалімдер – білім беру жүйесінің орта буыны, ал біздің әлеуметтік дәрежеміз қандай? Ғалымдармыз ба, оқытушылармыз ба, кімдерміз? Жалақымыз, әлеуметтік дәрежеміз қашан көтеріледі? 2006 жылдан бері еңбекақымыз өскен емес. Жастардың бұл салаға келгісі жоқ, себебі табысы мұғалімдікінен аз. Көптеген дарынды жастар университеттен кетуде. Осы мәселені Үкімет алдына қоюларыңызды сұраймын, – деді Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі А. Жанбосынова.

Өзге оқытушылар да өзекті мәселелерді көтерді.

Депутаттар бес бастама бойынша ұсыныс-тілектер жинақталып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo