Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Н.Ә. Назарбаев: білім – ғылым – инновация» дөңгелек үстелі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Тұңғыш Президент күніне арналған «Н.Ә. Назарбаев: білім – ғылым – инновация» дөңгелек үстелі өтті.

Оған ШҚМУ-дың, қаладағы өзге жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара басында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор, PhD докторы, Педагогикалық ғылым академиясының академигі Мұхтар Төлеген құттықтау сөз сөйледі.

Жиында ШҚМУ оқытушысы М. Мағзұмов «Президенттен Елбасына дейін», «Өрлеу» орталығының оқытушысы С. Щеглова «Тарихи білімді жаңғыртудағы Ұлы даланың жеті қыры», облыстық Достық үйі директорының орынбасары Ж. Алқанова «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының мәдени мұрасы жобасын жүзеге асыру», ШҚМУ профессоры Л. Абдуллина «Қазақстандық жол: табыс риторикасы», Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Г. Зейнолдина «Білім мазмұнын жаңғырту жағдайында мамандарды дайындау», ШҚМУ доценті А. Әлімхан «Қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстырудың тарихи-әлеуметтік маңызы», ШҚМУ оқытушысы Л. Жаманбаева «Н.Ә.Назарбаев: «Білім-ғылым-инновация үштігі» баяндамаларын оқыды.

Сондай-ақ, ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті, Назарбаев шәкіртақысының иегері Эльмира Орманбек «Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі» баяндамасын жасады.

Кездесу соңында қорытынды шығарылып, қатысушылар естелік суретке түсті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo