Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ШҚМУ-да «Н.Ә. Назарбаев: Көшбасшы. Стратег. Ойшыл» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелер басшылары қатысқан дөңгелек үстел «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында өтті.
Баяндама жасаған университет ректоры М.Ә. Төлеген тәуелсіз мемлекеттің құрылуындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлі мен ерен еңбегін, оның құрметіне Тұңғыш Президент күні бекітілгенін атап өтті.
Дөңгелек үстелде стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, оқу-әдістемелек жұмыс жөніндегі проректор А.Б. Мырзағалиева, ТФжХҚФ деканы Ә.А. Өскембай, академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова және басқалар сөз сөйледі.
Іс-шара аясында ректор оқу орнының үздік оқытушылары мен қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Баспасөз қызметі