Назарбаев университетінің өкілдері Нұрсұлтан Салғараев пен Бриджит Джонс С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен, оқытушыларымен және қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу аясында профессор Бриджит Джонс «Content and Language Learning (CLIL): What is it?» семинарын өткізді. Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар берілді. Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту тақырыбы универсиет үшін өзекті. Қазір көптілді топтарда 117 студент білім алып жатыр.
Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің аға менеджері Нұрсұлтан Салғараев жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларымен, құжаттарды тапсыру және конкурстық іріктеуге қатысу ережелерімен таныстырды.
4 қазанда сағат 18-ден 22-ге дейін «Dedeman» қонақ үйінде Назарбаев университетінің ашық есік күні өтеді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы