Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті

27 ақпанда №1 оқу ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті, оған студенттер мен оқытушылар қатысты. Ұйымдастырушылар – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі, жастар ісі жөніндегі комитет.

Ойынға 6 команда (30 студент, 6 оқытушы) қатысты: «Эрудит» –Педагогика, психология және мәдениет факультеті, «Төртінші билік» – ТФжХҚФ, «Білім биржасы» –Жоғары колледж, «Зерде» клубының мүшелері, ШҚМУ «Ділмар» клубының мүшелері, «Информатика» – ЖҒжТФ.

Ойын 10 сұрақтан тұратын екі раундқа бөлінді. Оны «Физика» мамандығының 4 курс студенті Б.Анасжүргізді.

Бас жүлдені «Ділмар» командасы иеленді. Команда капитаны Әділ Манаппай –«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенті.

Командаға кубокты тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В.Ровнякова табыстады, барлық командаларға грамоталар берілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo