Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің музыкалық мәдениетін дамытудағы рөлі туралы кітап жарық көрді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, онда музыкалық білім кафедрасының профессорлары М.Д. Мужчиль, А.Б. Нұрғожина,  У. Жүнiсов әзірлеген «ЕЛБАСЫ СҮЙІП ТЫҢДАЙТЫН ӘНДЕР» кітабының тұсауы кесілді.

Кітапта Елбасының Қазақстан музыкалық мәдениетінің дамуындағы рөлі, Тәуелсіздік жылдарындағы музыкалық мәдениеттің жетістіктері, танымал музыканттар – ШҚМУ түлектерінің Елбасымен кездесулері туралы естеліктері, Елбасының сүйікті әндері, Тұңғыш Президентке арналған әндер ұсынылған. Кітап жоғары және арнаулы оқу орындарының музыка оқытушыларына, білімгерлеріне арналған.

Атап өтерлігі, Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұлттық музыкалық дәстүрлерді сақтауға үндеп, ұлттық мәдени мұрамыздың әлемдік руханияттың бір бөлшегіне айналуына күш салып келеді.

«Музыка – адам болмысының таңғажайып және бірегей феномені. Біздің еліміздің Тұңғыш Президенті – музыканың ажырамас бөлігі болған адам болды деп ойлаймын. Кез келген ел президенті жақсы ән шырқап, домбырада ойнап, ән шығара бермейді. Біз осындай өнерлі президентімізбен мақтануымыз керек», – деп жазылған кітаптың кіріспесінде.

Бұл басылым білім беру бағдарламасының оқу үрдісінде «Дауыс қою», «Эстрадалық ән айту», «Музыканы оқыту әдістемесі», «Мектеп репертуары бойынша практикум» пәндерін оқу барысында қолдануға арналған. Сонымен қатар, музықалық білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасында қолдану ұсынылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo