Өскемендегі №20 орта мектептің математика мұғалімі Ұлжан Нұрбек С. Аманжолов атындағы ШҚМУ математика мамандығының 3 курс студенттеріне «Жаңартылған білім беру мазмұны» коучингін өткізді.
Ұлжан Нұрбекқызы сабақтың басында жаңартылған білім мазмұны туралы толық мағлұмат беріп, кейін практика жүзінде студенттерді топқа бөліп жұмыс істеді. Ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар бойынша қалай жұмыс істеу керек екендігін және жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді жоспарды қалай құру керек екендігін көрсетті. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Студенттер коучингке белсенді қатысып, осындай сабақтардың тағы да өткізілуі туралы өтініш білдірді. Сабақ соңында Ұлжан Нұрбекқызы студенттерге сергіту сәтін жасап, іс-шараны қортындылады.
Н. Әлімбекова,
Математика кафедрасының аға оқытушысы