- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
5-6 қаңтарда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың компьютерлік сыныптарында облыс оқушылары арасында информатикадан республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі өтіп жатыр.
Қызықты есептерді шешу мақсатында, бағдарламалау қабілеттерімен сынасу үшін, облыстың түрлі мектептері мен лицейлерінен 9-11 сыныптарынан елуге шақты дарынды оқушылары жиналды.
Оқушыларда ортақ қызығушылықтары бойынша достарды табу, компьютерлік бағдарламалар арқылы өздерінің логикасын көрсетуге, және де өздерін бағдарламалаудан халықаралық олимпиада талаптарына бірте-бірте дайындау мүмкіндігі туды.
Сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы