Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да облыс оқушыларына арналған «Өсу орталығы» курсының жабылуы өтті

ШҚМУ-да 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курсы күзгі маусымының жабылуы өтті.

«Өсу орталығы» дайындық курсы күзгі маусымының бағдарламасына сәйкес тыңдаушылар 29 қазан – 4 қараша аралығында күнделікті сағат 8-ден 15.30-ға дейін сабақ оқыды. Оларға Ұлттық тестілеу орталығының базасы бойынша тестілеу өткізілді.

Сабақтан тыс уақытта балалар университет мұражайымен танысты, облыстық өлкетану мұражайына саяхат жасап, «Жастар» саябағында серуендеді. Университет факультеттері «Менің мамандығым» фестивалін өткізіп, онда оқушылар ЖОО оқытатын мамандықтармен танысты.

Тыңдаушыларға сертификаттар мен шараларға белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Балалар білім қоржынын толықтырып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге әрі қарай дайындалу үшін өз мектептеріне қайтты.

Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындау  орталығы

Қазақ
× You found a Typo