Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да облыс түлектері арасында құқық негіздерінен олимпиада өтті

Азаматтық құқық және азаматтық үрдіс кафедрасы мектеп және колледж түлектері арасында құқық негіздері бойынша облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға заңгер мамандығына түсуге ниетті Өскемен, облыс мектептері мен колледждерінің осы жылғы түлектері қатысты.

Қазақ, орыс тілдерінде ұйымдастырылған сайыс екі кезеңнен тұрды, 1 кезең 11-18 ақпанда, 2 кезең 22 ақпанда өтті. Алғашында оқушылар эссе жазса, екіншісінде онлайн тест тапсырды.

Олимпиада нәтижесі бойынша 1 орынды Айя Әбдірахманова (№38 мектеп, Өскемен), 2 орынды Богдан  Попов (№16 мектеп, Риддер), 3 орынды Ақбар Шабдан (Үлкен Нарын мектебі) иеленді.

Оқушылар мен олардың жетекшілеріне дипломдар және грамоталар табысталды.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo