Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да облыстағы физикалық география және климатология ғылыми мектебінің негізін қалаушы К. Попованың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Географиялық және геоэкологиялық зерттеулер және олардың заманауи ғылымдағы ролі» халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ШҚМУ мен «Қазақ географиялық қоғамы» РҚБ Өскемен бөлімшесі.

Конференция облыстағы физикалық география және климатология ғылыми мектебінің негізін қалаушы, география ғылымдарының кандидаты, доцент, Өскемен пединституты география кафедрасының бұрынғы меңгерушісі Ксения Ивановна Попованың 100 жылдығына арналды.

Ғалым 80 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде «Катунь өзені аңғарындағы террасалар механикалық сараптамасының мәліметтері», «Батыс Сібір ойпатындағы жауын-шашынның қалыптасу шарттары» диссертациялары, «Өскеменнің және оның маңайының климаты», «Зырянның және оның маңайының климаты», «Оңтүстік-Батыс Алтай климаты», «Шығыс Қазақстан облысының климаты» монографиялары бар.

Конференция төрағасы ретінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген құттықтау сөз сөйлеп, К. Попованың оқу орнындағы ғылымды дамытуға, білікті мамандар даярлауға қосқан үлесін атап өтті, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.

ШҚМУ доценті А. Чурсин серіктес оқу орындарынан келген құттықтау хаттарды оқып шықты, олардың ішінде И. Ползунов атындағы Алтай техникалық университеті, М. Бонч-Бруневич атындағы Петербор телекоммуникация университетінен келген хаттар да бар.

Облыстық мұражай қызметкері И. Дурново Попова туралы өмірбаяндық очерк, ШҚМУ доценті Л. Линева хабарлама, ал Тыва табиғи ресурстарды кешенді игеру институтының (Ресей)  ғалымы О. Кальная баяндама оқыды.

Бұдан соң конференция секцияларда жалғасты.

№1 секцияда білім, ғылым, өлкетану, мәдениет мәселелері талқыланды (үйлестірушілер – профессор, Қазақ географиялық қоғамы Өскемен бөлімшесінің төрағасы А. Егорина, И. Дурново, К. Артемьева).

№2 секцияда физикалық география, геоэкология және биогеография бойынша баяндамалар тыңдалды (үйлестірушілер – А. Чурсин, А. Павленко, Т. Әбішев).

«Өмір сүру ортасы: әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, рекреациялық аспектілері» – №3 секция тақырыбы (үйлестірушілері – профессор Р. Бейсембаева, Г. Салықбаева, Ж. Манапова).

№4 секцияда геология, металлогения, картография, кадастр салаларының даму аспектілері тақыланды (үйлестірушілері – М. Рахымбердина, М. Тоғызова, С. Айтбаева).

Фото https://cloud.mail.ru/public/JB7H/uGHYUQs1z   

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo