Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да облыстағы қазақ мектептері арасында XII «Химиялық калейдоскоп» турнирі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті химия кафедрасы облыстағы қазақ мектептері арасында XII «Химиялық калейдоскоп» жыл сайынғы турнирін өткізді.

Биылғы сайыстың тақырыбы – «Периодтық заң және Д. Менделееевтің периодтық жүйесі».

Қатысушылар алдында тәрбие ісі жөніндегі проректор А. Толемисов, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М. Мадияров, химия кафедрасының меңгерушісі Б. Шаихова сөйледі.

Іріктеу кезеңінен өтіп, финалға жолдама алғандар – Өскемендегі №35 мектептің «Family of elements», №47 мектептің «VIP intellect», А. Байтұрсынов атындағы №20 мектептің «Атом», Назарбаев зияткерлік мектебінің «Өркен» командалары, сондай-ақ Жарма ауданы Қалбатау ауылы Абай атындағы мектептің «Изумруд» командасы.

Сайыс нәтижесінде 1 орынды «Өркен», 2 орынды «VIP intellect», 3 орынды «Family of elements» командалары иеленді. Капитандар байқауында «Өркен» командасының капитаны, 11 сынып оқушысы Әлішер Омарбеков үздік атанды. «Жас химик» конкурсында «Family of elements» командасының мүшелері – 11 сынып оқушысы Ақмарал Айдарбекқызы мен 10 сынып оқушысы Әлішер Ержан «Үздік экспериментатор» номинациясын иеленді.

Ж. Мұқажанова,

химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo