Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да облыстық дін істері жөніндегі департамент қызметкерлерімен кездесу өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағы» атты облыстық дін басқармасы теологтарымен кездесу өтті.

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу мақсатында облыстық дін басқармасы теологтары Ернұр Қанапиянов пен Әйгерім Ерболатқызы университет жастарымен сұрақ-жауап форматында кездесті. Іс-шарада дін мен дәстүр сабақтастығы, қыз тәрбиесі, жігіт намысы, ер баланың қоғамдағы рөлі, әке орны, сыйластық, ата-анаға құрметтің маңызы туралы әңгіме өрбіді.

Студенттер белсене қатысып, оқу орнында діни киім кию, ораза ұстау қағидалары, намаз оқу ережесі, білім мен дін, дәстүр мен заң тұрғысынан пайда болатын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Кездесу соңында жастарға ақпараттық қағаздар таратылды.

Назым Аманжолова,

идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маман

Қазақ
× You found a Typo