Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да О.Бөкейдің 75 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды

Ата-бабамыздың көне көркем мекені Алтайдың аспанында туған сөнбес жұлдыздардың бірі - Оралхан Бөкейұлы.

Ол Алтай күнінің елшісі, Алтай таңының жаршысы тәрізді. Дарынды қазақ жазушысы қазағының қуатты да құнарлы тілін ту етіп жазып, оқырманын сөйлетіп, тыңдарманын тамсантты. Оны исі қазақ біледі.

Оралхан Бөкей биыл тірі болса 75 ке келер еді. Ақиық жазушының мерейтойына арналған ШҚМУ-дың ғылыми кітапханасында «Тау мінезді талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Оралхан Бөкей жайлы естеліктер мен мақалалар және жазушының қаламынан шыққан «Біздің жақта қыс ұзақ», «Кербұғы» сынды шығармалары қойылды.

Көрме №1 оқу ғимаратының 103 аудиториясында жұмыс істейді.

Келіңіздер, көріңіздер!

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo