Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқу үдерісіне АКТ енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

13 қыркүйекте әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі АКТ-ны оқу үдерісіне енгізу бойынша ОӘК жұмыс тобының осы оқу жылындағы бірінші отырысын ұйымдастырды.

Жұмыс тобына университеттің тәжірибелі оқытушылары кіреді: Паньшина Т.В. – п п.ғ.к., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, Егоренко Е.Н. - тарих магистрі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Идришева Ж.Қ. - т.ғ.к., экология және география кафедрасының меңгерушісі.

Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламаларын іске асыруда АКТ-ның рөлі, электронды оқыту ресурстарын дамытуға инновациялық тәсілдерді пайдалану, соның ішінде оларға авторлық куәліктер алу тәртібі, жаппай онлайн курстарды дамыту мүмкіндіктері және т.б. мәселелер талқыланды.

Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану проблемаларын және келешегін қадағалау үшін жұмыс тобының қатысушыларына сауалнама әзірлеу ұсынылды.

Қыркүйектің аяғында ШҚМУ базасында «Білім беруді ақпараттандыру және қазіргі заманғы үрдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу туралы ұсыныс жасалды.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo