Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқушылар арасында информатикадан облыстық олимпиада өтті

C. Аманжолов атындағы ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары №7 оқу ғимаратында мектеп оқушылары арасында информатика пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға Зайсан, Көкпекті, Жарма, Глубокое, Шемонайха аудандарындағы мектептердің, Өскемен қаласындағы №1, 3, 11, 12, 16, 19, 39, 46 мектептердің, облыстық арнайы лицей-мектеп-интернатының, Риддер №1 мектеп-лицейінің, Аягөз №5 орта мектебінің, Қ. Қайсенов мектебінің 8-11 сынып оқушылары  қатысты.

Олимпида ашылуында Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Д. Ерболатұлы факультеттің болашақ дамуы бойынша баяндама жасады.

Олимпиада теориялық (қашықтықтан) және бағдарламалау бойынша практикалық кезеңнен тұрды. Қатысушылар теориялық кезеңде компьютерлік графика және бейнемонтаж бойынша жобаларды әзірлеу дағдылары мен теориялық білімдерін көрсетсе, практикалық кезеңде бағдарламалау бойынша есептер шығарды.

Қазылар алқасы оқушылардың жақсы дайындығын атап өтті. Бас жүлдені Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Бекзат Қайратұлы иеленді.

Сонымен қатар, оқушылар арасындағы 1 орынды Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мартьянова Вероника мен Қ. Қайсенов ауылы Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Головко Максим иеленді (информатика мұғалімдері Кузьмина Е., Түсіпова Ж.). Екінші орынды №11 орта мектептің 10 сынып оқушысы Поляков Кирилл (информатика мұғалімі Кузьмина Е.) және Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейдің 10 сынып оқышысы Әмірғалиев Арман (мұғалімі Биязбаева Д.) иеленді.

Үшінші орынды Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Губарьков Кирилл (мұғалімі Родионова Ю.), Өскемен қаласы №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Нұрғалиева Балжан (мұғалімі Әлімбекова С.), Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Ешмағамбетов Қазкен (мұғалімі Әбілмәжінова Н.) иеленді.

Өскемен қаласы №6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алтаев Әлішерге, Өскемен қаласы №19 қосымша білім беру мектеп-орталығының 8 сынып оқушысы Шилов Алексейге, Өскемен қаласы №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Губарьков Кирилге, №3 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Есимағамбектов Қазкенге, Ушанов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құнантаева Әдеміге, №11 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Литвинова Аринаға, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары Жаңбырбаев Диас, Зарылқанов Азамат және 10 сынып оқушысы Головко Максимге, Көкпекті ауданы Куйбышев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Жанұзақова Азизаға, Өскемен қаласы №1 орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қайырғазиева Балжан мен Нұрғалиева Балжанға, №46 орта мектептің 9 сынып оқушысы Бақытбекова Нұрданаға, Жарма ауданы Бірлік орта мектебінің 8 сынып оқушысы Слямова Балжанға, Аягөз қаласы №5 орта метебінің 9 сынып оқушысы Орынғалиев Нұрымға номинациялық марапаттар ұсынылды.

Барлық жеңімпаздар мен номинация иегерлері дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шарада роботты техника бойынша көрме, мұғалімдер үшін кафедра оқытушылары ұйымдастырған «Информатиканы оқыту әдістемесінің мәселелері» тақырыбында әдістемелік семинар, абитуриенттермен мазмұнды диалог өткізілді.  

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo