Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқушылар арасында информатикадан облыстық олимпиада өтті

27- қаңтар күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы ШҚМУ №7 оқу ғимаратында облыс мектептерінің оқушылары арасында информатикадан олимпиадасы өткізді.

Олимпиадаға облыс аудандарынан (Тарбағатай, Зайсан, Глубокий, Жарма) және Өскемен, Риддер қалалары мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: Бірінші кезең – іріктеу, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен сырттай түрде өткізілсе, екінші кезең – компьютерлік графика бойынша қорытынды – тур өткізілді.

Теориялық бөлім: теориялық және шығармашылық тапсырмаларды бағдарламалау тілдерінде бағдарлама құру.  Ең жоғарғы жинақты балл – 100 балл. Қорытынды  бөлімде компьютерлік графика бойынша тапсырмалар орындалды. Ең жоғарғы жинақты балл – 100 балл.

Әділ қазылар алқасының оқушылардың жақсы дайындық деңгейін байқап, келесі оқушыларды марапаттады:  

Оқушылар арасында 1 – орын: Өскемен қаласының №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Пестунов Игорь Алексеевич иеленіп І дәрежелі диплом және университеттің арнайы сыйлығына ие болды. Жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Е.А.  Кузьминаға университетіміздің атынан алғыс хат және  сыйлықтармен марапатталды.

 2 – орын: Өскемен қаласы № 2 орта мектебінің 8 сынып оқушысы – Горковенко Данил Сергеевичке  ІІ дәрежелі диплом және универсиеттің арнайы сыйлығына ие болды. Жетекшісі – Н.В. Жуковаға  университетіміздің атынан алғыс хат және  сыйлықтармен марапатталды. 3-орынды  жеңіп алған Тарбағатай ауданының К. Төгісов атындағы орта мектебінің 11сынып оқушысы Айдынова Айжан Айдынқызы ІІІ дәрежелі диплом мен университеттің арнай сыйлығымен марапатталды. Жеңімпазды дайындаған пән мұғалімі Темирбеколв М.  алғыс хат пен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Осы аталған орындардан басқа компьютерлік графика бойынша номинацияларға ие болған Өскемен қаласының №11 орта мектебінің 10-сынып оқушылары  Трусов Валерий, Александров Данил, Өскемен қаласының №10 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Савинков Алексей,  №2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ананьев Никита грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды. Ал бағдарламалау бойынша номинацияларға ие болған  К. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары  Камзин Төлеген, Сейітқанов Әлишер, №3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Сертаев Ақтанберді грамота мен сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиада барысында мектеп оқушыларына роботтар көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері мен кафедра оқытушылары «Білім беру мазмұнының жаңару үдерісінің әдістемелік аспектілері» атты тақырыпта семинар өткізіліп, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер жайлы ойлармен бөлісті.

Олимпиада соңында Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Н.М. Темирбеков қорытынды сөз алып, кафедра мамандықтары мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo