18.04.2017
ШҚМУ-да оқушылар арасында қазақ тілінен олимпиада өтті.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру аясында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында мемлекеттік тілден «Үштұғырлы тіл - әлеммен тілдесудің тура жолы» атты олимпиада және мұғалімдер үшін «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертудің инновациялық технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мұғалімдер тақырып аясында өз ой пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Олимпиада соңында жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімінің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы