4 қараша күні ШҚМУ-де ШҚО мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Жас талап» күзгі маусымының салтанатты жабылуы өтті.
ҰБТ пәндері бойынша тереңдетілген дайындық алу үшін Шығыс Қазақстан облысының 10 ауданынан 28 қазан мен 3 қараша аралығында оқушылар өз білімдерін толықтыру мақсатында келді.
4 қараша күні салтанатты түрде курс аяқталғаннан кейін оқушыларға сертификаттар табыс етілді. Балалар жақсы көңіл-күймен және жағымды эмоциялармен курстардың күзгі маусымын аяқтады және келесі каникулдың басталуын тағатсыздана күтуде.
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы