ШҚМУ-да Өскемен қаласының, Ұлан ауданының және Өскеменде орналасқан облыс мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ байқау тестілеуі өтті.
21 сәуір күні ШҚМУ-да Өскемен қаласының, Ұлан ауданының және қалада орналасқан облыстық мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ байқау тестілеуі өтті. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны 1 мың болды.
Университет фойесінде факультет декандары, олардың орынбасарлары, кафедраның оқытушылары кәсіби бағдарлау жұмысын белсенді жүргізді. Оқушылар университет мамандықтары, олардың еңбек нарқындағы сұранысы туралы толық мәлімет алды. Балалардың көпшілігі шығармашылық емтихандардың өту шарасына қызығушылық танытты.
Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы