Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқушыларға арналған дайындық курсының қысқы маусымының жабылуы өтті

3 қаңтарынан бастап 10 қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облысының 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курсының қысқы маусымы болды.

«Өсу орталығы» дайындық курсының қысқы маусымының бағдарламасымен сәйкес тыңдаушылар күнделікті 5 пәннен сабақ оқып, сабақ аяқталғаннан кейін оларға әртүрлі мәдени шаралар өткізілді.

Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми зерттеуді дамыту орталығы жүзеге асыратын «Өз болашағыңды жаса» бағдарламасының аясында мектеп оқушыларын университет студенттері мен магистранттарының ғылыми жұмыстарымен таныстырды, балаларға волейболдан жарыс өткізіліп, тақырыптық би кеші ұйымдастырылды.

«Биология» бағыты бойынша оқушылар Өскемен қаласы әкімшілігінің оқу-зерттеу экобиоорталығында болды.

Басқа күндері тыңдаушылармен университет зертханаларымен және мұражайларын көрсетіп кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізілді.

Оқушылар «Әлемді бірге таныйық» атты ойын-квесттің қызығына елігіп, барлығы қатысты, бұл ойын болашақ педагогикалық бағыттағы мамандықты саналы таңдауға оқушылардың позитивті ынталандыруын құруға бағытталған. 

Оқытудың нәтижесі бойынша балаларға Ұлттық тестілеу орталығының негізінде ҰБТ пәндерінен электрондық тестілеу өткізілді.  Тыңдаушылардың біразы өте жоғары балл жинады.                          

2018 жылдың 10 қаңтарында дайындық курсының салтанатты жабылуы болды, онда сертификат пен өткізілген шараларға белсенді қатысқандары үшін грамоталар табысталды.

Оқушылар университетке келесі көктемгі маусымда келетіндерін айтып тарасты. Білім қоржындарын толықтырған балалар өз мектептеріне жол тартты.

  Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo