- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
29 қазана - 6 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» каникулдық дайындық курсының күзгі маусымының салтанатты жабылуы өтті.
«Өсу орталығы» дайындық курсының күзгі маусымының бағдарламасына сәйкес тыңдаушылар күнделікті сағат 8.00-ден 15.30-ға дейін 5 пән сабақ оқыды. Оларға Ұлттық тестілеу орталығының базасы бойынша ҰБТ пәндерінен кіру және қорытынды электрондық тестілеу өткізілді.
Сабақтан тыс уақытта балалар университеттің мұражайымен танысты, ШҚО өлкетану мұражайына саяхат жасап, «Жастар» саябағында серуендеді. Оқушылар кураторларымен бірге «Жеңіс» мемориалдық кешені мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориальды кешеніне барып гүл шоқтарын қойды.
«Күзгі балға» дайындыққа балалар белсенді қатысты. Әртүрлі конкурстардан, биден, викториналардан құрылған шара жоғары деңгейде өтті.
Бұдан басқа университет факультеттері «Менің мамандығым» атты фестиваль өткізді, онда оқушылар ЖОО оқытатын мамандықтармен және кәсіптермен танысты.
06.11.2017ж. «Өсу орталығы» дайындық курсының салтанатты жабылуы өтті, тыңдаушыларға күзгі маусымдағы оқудың аяқталуы туралы сертификаттар мен шараларға белсенді қатысқандары үшін грамоталар табыс етілді.
Оқу кезінде балалар униерситеттің жетекші ғалымдарымен, қызықты тұлғалармен танысты, олар үшін тәлімгер болды. Балалар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен білім қоржынын толықтырып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге әрі қарай дайындалу үшін өз мектептеріне қайтты.
Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы