Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподық жиналысы өтті

Арыстағы апат С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен қызметкерлерін бей-жай қалдырған жоқ.

ШҚМУ-дың кәсіподақ жиынында Арыс қаласы тұрғындарына гуманитарлық көмек жөніндегі облыстық штабқа енген оқу орны ректоры Мұхтар Төлеген сөз сөйледі.

– Халқымыз әркез өзінің қамқорлығымен және ұйымшылдығымен дараланған, бұл қасиеттер әсіресе қасіретті күндері ерекше көрініс табады. Сол себепті біздің университет те ортақ игілікті істен қалыс қалмай, гуманитарлық көмек жинау бекетін ашып отыр. Жылу жинау ерікті түрде іске асырылатынын атап өткім келеді. Сондай-ақ, оқу орнымызда акцияға қатыса алатын еріктілер, белсенділер бар, – деді ректор.

– Арыстағы үйлердің 70-80 пайыздай қираған, адамдар баспанасыз, дүние-мүліксіз қалып отыр. Сол себепті бір күндік еңбекақымызды зардап шеккендер қорына аудару туралы ұсыныс бар, – деп бастама көтерді СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова.

Оқу орны ұжымы бұл бастаманы бірауыздан қызу қолдады.

Жиында ұжымдық шарт мәселесі де талқыланды. Кәсіподақ төрайымы Н. Аяғанова жаңа ұжымдық шарттың қабылданғанын жеткізді, оған еңбек, демалыс жағдайына, әлеуметтік қолдауға қатысты жаңа тармақтар еніпті.  

Басқосу соңында ректор 2019-2020 оқу жылында ашылатын жаңа нысандар туралы айтты, олардың қатарында фитнес-орталық, химиялық талдау кабинеті, роботты техника кабинеті және басқалар бар.

– Жоспарларымыз көп, еңбексүйгіш, шығармашыл ұжымымыз бар, барлық міндеттерді бірлесе іске асырамыз, – деп түйіндеді М. Төлеген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo