Қала күні мерекесіне орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері №1 оқу ғимараты маңындағы қалалық аумақты тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Сенбілікті ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген мен стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровнякова ұйымдастырып, өздері де іс-шараға белсенді қатысты.
Күзгі сенбілік кезінде іс-шараға қатысушылар түскен жапырақтар мен жаз бойы жиналған қоқысты тазалап шықты.
Баспасөз қызметі