- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Елбасы Жолдауда ЖОО ғылымын дамытуды, ІТ-технологияларды зерттеуге басымдық беруді, сонымен қатар, жоғары білім саласында ақпараттық технологияларды меңгерген түлектер санын ұлғайтуды атап көрсетті.
ШҚМУ-да осыған орай университетке арналған ІТ-технологияның жаңа түрін – электронды оқулықтарды құрастыруды дамыту қолға алынды.
– Елбасы Жолдауда ЖОО ғылымын дамытуды, ІТ-технологияларды зерттеуге басымдық беруді, сонымен қатар, жоғары білім саласында ақпараттық технологияларды меңгерген, жасанды интеллектпен және «ауқымды мәліметтермен» жұмыс істеуге машықтанған түлектер санын ұлғайтуды атап көрсетті, – дейді модульдік бағдарламаның авторы – ақпараттық-коммуникативтік технологиялар департаментінің инженер-бағдарламашысы К. Веригина.
ШҚМУ-да алғаш рет «Электронды оқулықтар жасау» курстары өтеді. Оның міндеті – оқытушыларды «Электронды оқыту» бағдарламасымен жұмыс істеуге үйрету.
– Курс тыңдаушылары SCORM 2004 HTML форматында электронды оқулықтарды өздері әзірлеп, жариялай алатын болады, – дейді К. Веригина.
Курстар 18 қаңтардан 19 сәуірге дейін жүреді.
Атап өтерлігі, ППжМФ оқытушылары белсенділік атнытуда, олардан 16 адам курсқа жазылып үлгеріпті.
Баспасөз қызметі