Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Өлкетану оқулары» ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., РФ) және Новосібір мемлекеттік университеті (РФ) оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Өлкетану оқулары» ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция қатысушылары алдында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс бойынша проректоры, п.ғ.к., профессор И.В. Ровнякова құттықтау сөз алды.

Конференция жұмысына облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ШҚО Мемлекеттік архивінің директоры С. Рахметов, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті профессоры, тарих ғылымының кандидаты И. Полтаранин, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, тарих ғылымының докторы А. Жанбосынова, Новосібір мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымының докторы Н. Аблажей және басқалар қатысты.

Пленарлық отырыста «Бұқаралық санадағы еңбек мигрантының бейнесі» (Н. Аблажей), «Өлке тарихындағы аустрия-венгр әскери тұтқындарының мәселесі» (А. Жанбосынова), «Мемлекеттік көші-қон саясатындағы репатрианттарға арналған бағдарламалардың іске асу ерекшелігі» (М. Кәрібаев, 3 курс докторанты, ШҚМУ), «Өлкетану жұмысындағы кейбір өзекті мәселелер (Верх-Уба ауылын зерттеу мысалында)» (И. Полтаранин), «Соғыс жылдары Шығыс Қазақстанға эвакуацияланған әйелдер тағдыры» (Кашаку Гүлжан, 2 курс магистранты, ШҚМУ) баяндамалары оқылды.

Конференция аясында «Өлкетанушылық зерттеулердің пәнаралық тәсілдері. Үлкен отан. Кіші отан. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау», «Өлкетанушылық қозғалыс. Өлкетанудың негізін салушылар. Өлкетану тарихы, ұйымдастырушылық түрлері, қазіргі кезеңдегі жағдайы мен тарихы», «Ұлы даланың жеті қыры. Экскурсиялық-туристік қызмет және өлкетану», «Шығыс Қазақстан: дерек көздері, тарихнамасы, зерттеу әдістері мен тәжірибесі», «Білім беру саласындағы өлкетанушылық жұмыстың теориясы мен тәжірибесі. Мектептік өлкетану» секциялары, ЖОО кітапханасы әзірлеген өлкетану бойынша кітаптардың көрмесі өтті. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo