Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да өлкетануға арналған онлайн дөңгелек үстел өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Қалимолдинаның ұйымдастыруымен «Рухани  жаңғыру және өлке тарихы» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ, қала колледждерінің оқытушылары, облыс мектептерінің мұғалімдері, Шығыс Қазақстан медициналық колледжінің кітапханашылары және университет студенттері қатысты.

Шараға қатысушылар өлке тарихын зерттеу және аймақтық компоненттерді өлкетану пәндерінде қолдану мәселелерін талқылады. Ғалымдар мұрағаттардағы зерттеуді қажет ететін тың деректермен бөлісті. Дөңгелек үстелдің соңында жоғары оқу орындары арасында өлкетану бойынша кеңес құру, «Туған өлке тарихы» вебинарлар сериясын өткізу ұсынылды.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo