ШҚМУ Экономика және қаржы факультетінің Қаржы және есеп кафедрасы «Өңірлердің қаржылық дербестігі және толыққандылығы» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізді.
Оған ЭжҚФ деканы А. Мұхамедиева, орынбасары А. Рахметова, кафедра меңгерушісі А. Апышева, профессорлар К. Шолпанбаева, У. Әлімбетов, доцент Н. Шайханова, аға оқытушы Л. Белоусова, магистрлер А. Жапарова, К. Қонбаева, Е. Қамшыбаев, Ж. Нұрғазин, «Даму» қорының өкілдері, студенттер қатысты.
Жиында «Өңірлердің қаржылық дербестігі және толыққандылығы», «Жергілікті бюджет: кіріс құрылымының өзекті мәселелері» тақырыптары қаралды.
Баяндамаларды тыңдап, талқылаған қатысушылар өңірімізге қаржылық дербестік және толыққандылық саясатын жүргізу керек екенін атап көрсетті.
Баспасөз қызметі