Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ШҚМУ-да өңірдегі БАҚ жетекшілерімен кездесті.
Өңірлік БАҚ өкілдері арасында «Дидар», «Рудный Алтай», «Мой город», «Устинка плюс», «Алдаспан» газеттерінің, «Алтай» телеарнасының, Altaynews.kz, YK.kz, Yk-news.kz , Устинка LIVE сайттарының, аудандық газеттердің жетекшілері болды.
Елбасы Жолдауын талқылау барысында Д. Абаев құжаттың басым бағыттарына назар аудартты.
Бұдан соң кездесі «сұрақ-жауап» форматында жалғасты. Министр тілшілердің барлық сауалдарына жауап қайтарды, олардың ішінде әлеуметтік желілер, редио, газеттерді сату және олардың бағасы сынды өзекті сұрақтар болды.
Баспасөз қызметі