С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу орнының ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен онлайн-режимде Ғылыми кеңестің отырысы өтті, жиын барысында бес мәселе қарастырылды.
Экономика және құқық факультетінде оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмысты жетілдіру туралы ЭжҚФ деканы А. Мұхамадиева баяндады.
Университет факультеттерінде және колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуын тексеру комиссиясының төрайымы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова анықтама берді.
2018-2022 жылдарға арналған ШҚМУ-ды дамыту бағдарламасының орындалуы туралы стратегиялық даму және ғылыми жұміс жөніндегі проректор И. Ровнякова ақпарат берді.
Университеттегі ЖОО-дан кейінгі білім беруді дамытудың мәселелері мен келешегі туралы ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Т. Абылайханова мәлімдеді.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы университеттегі білім мазмұнын жаңарту жұмыстары туралы хабарлады.
Қашықтан оқытуға көшу және эпидемиялық жағдайға байланысты қолға алынған шаралар туралы проректор Д. Ерболатұлы мен Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығының жетекшісі Б. Ділдебай ақпарат берді.
Барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Баспасөз қызметі