С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Құтқарушы» әскери-спорттық байқауы өтті, оған 8 мектептегі 7 әскери-патриоттық бірлестіктің оқушылары қатысты.
Алғашқы әскери дайындық кафедрасы №1 оқу ғимаратының спорт залында «Құтқарушы» сайысын өткізді.
Оған қаладағы № 12, 17, 20, 27, 34, 35, 39, 46 мектептерінің «Сұңқар», «Арыстан», «Қорғау», «Арлан», «Жігер», «Бірлік», «Айбын» әскери-патриоттық бірлестіктері қатысты.
Қатысушылар алғашқы әскери дайындық бойынша кроссворд шешіп, қорғаныс құралдарын қолдану, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша нормативтер тапсырды. Сондай-ақ, мылтық атудан сайысты.
Қорытындысында 1 орынды №12 мектептің «Сұңқар», 2 орынды №17 мектептің «Арыстан», 3 орынды №39 мектептің «Жігер» бірлестіктері иеленді.
Барлық қатысушылар сыйлықтар, ал жеңімпаз командадар ақшалай сертификаттар алды.
Фото https://cloud.mail.ru/public/GHbv/xw4pAbhCK
Баспасөз мәлімдемесі