Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Өскемендегі №47 мектептің оқушылары болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Өскемен қаласы №47 мектебінің 10 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

«Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» ғылыми оқу кешенінде экология және география кафедрасының PhD докторы Н.Ж. Жеңсікбаева оқушыларға дәріс оқыды. Кездесуде оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларына және бейіндік пәндер мазмұнының ерекшелігіне қызығушылық танытты.

Оқытушы Шығыс Қазақстанның рекреациялық ресурстары – «Алтайдың маржандары» туралы мәліметтермен бөлісіп, қатысушыларды таңдаған география пәні бойынша тиімді дайындалу жолдарын ұсынды.

Дәрістен кейін химия кафедрасының оқытушысы, «Табиғи қосылыстар химиясы» үйірмесінің жетекшісі Құлайгүл Қабдысалым оқуышыларға үйірме жетістіктері мен ғылыми жұмыс бойынша мәліметтер берді.

Қызығушылық білдірген оқушыларды үйірмеге шақырды. «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» кешенінің қызметкері Ұ.О. Мотаева кәсіптік бағдар беру мақсатында экскурсия өткізді. В. Бажанов атындағы табиғат мұражайының тарихымен, кеппешөп кабинетіндегі коллекциямен танысытырды.

Оқушыларға биология, биология-жаратылыстану, аңшылықтану және аң шаруашылығы, география, химиялық криминалистикалық сараптама білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беріліді.

Экскурсия аяқталғаннан кейін оқушылар өздеріне берілген ақпарат үшін алғыс білдіріп, «бүгінгі ақпарат көп сұрақтарымыздың басын ашты, енді біз мамандық таңдаймыз» деді.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo