Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Өсу орталығы» дайындық курстарының жабылу салтанаты өтті

31 наурыз күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мектеп оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курстарының салтанатты жабылуы болды.

Шығыс Қазақстан облысының 12 қаласы мен аудандарынан (Өскемен, Риддер, Жарма, Көкпекті, Глубокое, Күршім, Шемонаиха, Зырян, Тарбағатай, Ұлан, Катонқарағай, Зайсан) келген балалар 7 күн ішінде «Өсу орталығы» дайындық курстарының көктемгі маусымында білім алды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген оқушыларды құттықтап, университетте студенттерді орталықтандырып оқытудың жүргізілетіндігін мен және ең басты тапсырушы балалардың өздері екенін баса айтты. Сонымен қатар көктемгі маусым ҰБТ өту шараларының алдындағы үшінші және соңғы дайындық курсы болды, осыған байланысты балаларға ШҚМУ қабырғасында №36 ҰТО филиалының қолдауымен жаңа форматтағы байқау сынағы өткізілді. Ең жоғары 126 ұпайды тыңдаушы Жұмағұлова Мөлдір жинады. Өткен маусымдардағы дайындық курс тыңдаушыларына №36 ҰТО филиалымен онлайн байқау сынағы жүргізіліп, нәтижесін талдау кезінде білімдерінің өсуін көрсетті. Тыңдаушылардың 50%-ы 100 және одан жоғары ұпай жинады. Мұхтар Әділбекұлы тыңдаушыларға ҰБТ-ны сәтті тапсырып,  мемлекеттік білім грантының иегерлері болуларына тілек білдірді. Сөз соңында тыңдаушыларға жалынды үндеу айтты: «Сендердің әрқайсысыларың болашаққа жол ашуға талаптанасыңдар! Бұл жолда бәрі де мүмкін! Нар тәуекел, талпыныңдар!».

Ректор дайындық курстарының оқытушыларына 3 маусым бойындағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, алғыс хат табыстады.

Салтанаттың келесі кезеңі Маркетинг және ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының жетекшісі А.Х.Машекенованың дайындық курстарының оқытушыларына өздерінің авторлық бағдарламаларымен оқушыларды дайындағаны үшін сертификаттар және студенттер арасынан сайланған кураторларға алғыс хат табыстауы болды.

Өскемен, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое аудандарынан келген дайындық курстарының тыңдаушылары: Құрманбекұлы Қуандық, Мамырбекова Бота, Армиянова Акерке, Мүсіпбек Жаңыл, Есингелдинова Кәмилә сөз сөйлеп, өздерінің пән мұғалімдеріне, осындай курстарды ұйымдастырған университеттің әкімшілігіне, ұйымдастырушылық дағдылары мен түсінушілік қасиеттері үшін топ кураторларына алғыс білдірді. Бір-бірлеріне ҰБТ-дан жоғары балл алып, биік жетістіктерге жетуін тіледі.

Оқу пәндерінен басқа, балаларға арналған қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды, оның барысында факультеттермен кездесулер өткізіліп, университеттің зертханаларына саяхаттар жасалды. Түрлі зияткерлік ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында университет студенттері музыкалық сәлем мен би шашу тарту етті. Курс тыңдаушылары оларды қошеметтеп, әншілер мен бишілерді телефонға түсіріп алды. Барлық қойылымдарды көрермендер қол шапалақпен қолдап отырды.Қазақстан Республикасы туралы соңғы өлеңді орындаған кезде көрермендер орындарынан тұрып, ұзақ қол шапалақтады.

Жүргізушілер кездесуді мынадай сөздермен аяқтады: «Құрметті түлектер! Қыркүйек айында сіздерді студенттер қатарынан көруге үміттеміз! Вконтакте, Инстаграмм және Фейсбук әлеуметтік желілерінде іздеуге ВКГУ ИМИДЖ деп жазып, біздің ресми топтарымызға тіркеліңіздер. Сонымен қатар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ресми сайтына (www.vkgu.kz)  кіріп, университеттің барлық жаңалықтарынан бірінші хабардар болыңыздар!».

 

Маркетинг және ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығы

Суретке түсірген А. Попов 

Қазақ
× You found a Typo