Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Өсу орталығының» оқушыларына арналған дайындық курстарының қысқы маусымының ашылуы өтті

3 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары үшін дайындық курстарының қысқы маусымы ашылды.

Дайындық курстары бағдарламасына сәйкес, оқушылар 3-10 қаңтар аралығында күнделікті таңертеңгі сағат 8.00-ден 15-30-ға дейін ҰБТ-ға дайындық ретінде 5 пән оқиды. Олар үшін Ұлттық тестілеу орталығының тестілеу базасында ҰБТ пәндері бойынша электрондық тестілеу өткізіледі.

Дайындық курстары барысында университеттің Студенттер мен жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерін дамыту орталығының қызметкерлерімен «Өз болашағыңды құр» бағдарламасының аясында кездесу өткізу, «Әлемді бірге білейік» атты ойын квестын өткізу және тағы да басқа бірқатар экскурсиялар өткізу жоспарлануда.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі

дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo