Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да өткен вебинарда қашықтан оқытудың ерекшеліктері талқыланды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қашықтан оқыту жағдайында» (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті оқытушыларының тәжірибесінен) вебинары өтті.

Вебинарды модераторлар – Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ф.К. Қабдрахманова, Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің м.а. Ә.Ж. Әубәкірова жүргізді.

Вебинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрам, колледж оқытушылары және барлық қызығушылық танытатын тұлғалар қатысты.

Вебинарда Рухани жаңғыру және әлеуметтік  гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Майра Шүршітбай «Дінтану, философия, саясаттану сияқты идеологиялық пәндерді қашықтан оқытудағы кейбір ерекшеліктер» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Фаузия Зәкиқызы Ражепаева қашықтан оқыту жағдайында «Қосалқы тарихи пәндер» курсы бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жайлы ақпарат берді. Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Жаннета Амангелдіқызы Қалимолдина «Тарихи өлкетану» пәніндегі қашықтан оқыту әдістері жайлы айтып өтті. 21-23 сәуір аралығында өткен мемлекеттік емтиханды қашықтан оқыту жағдайында қабылдау тәжірибесімен Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің м.а. Әсем Жүнісханқызы Әубәкірова бөлісті.

Вебинарды «Қашықтан оқыту жағдайында педагогикалық пәндерді оқыту ерекшеліктері» баядамасымен педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Светлана Генадьевна Сахариева аяқтады.

Вебинарда оқытушылар ұсынылған жұмыстарды талқылауға белсенді қатысты. Қызығушылық тудырған негізгі мәселелер қатарында қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру қызу талқыланды.

Қазақстан тарихы кафедрасы,

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo