Білім беру бағдарламалары бойынша білім сапасының бір көрсеткіші студенттердің оқу жетістіктерінің сыртқы бағасының (ОЖСБ) нәтижесі болып табылады.
ОЖСБ-ға дайындық сапасын жақсарту үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ұсыныстар әзірленген, олардың арасында – ОЖСБ нәтижелерін декандардың талдауы және осыдан туындайтыны – түлектердің ОЖСБ-ға дайындық сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуі бар.
Кафедра меңгерушілеріне ОЖСБ-ға қатысушы студенттердің біліміне тұрақты мониторинг, тестілеу кезінде барынша жиі ұшырасатын қателіктерге диагностика жүргізу, оқудың барлық формасындағы студенттердің дайындығын жүргізу, сонымен қатар ОЖСБ-ға дайындық үшін қолданылатын тест сұрақтарының базасын өзектілендіру ұсынылған.
Оқытушыларға келер болсақ, олар ОЖСБ-ға білім алушыларды дайындау бойынша түрлі әдістерді қолданулары, сондай-ақ студенттерге сұрақтардың сипаттамасы мен құрылымына қатысты нұсқау берулері қажет.
Баспасөз қызметі