ШҚМУ ғылыми кітапханасы әлемге әйгілі ертегіші-жазушы П. Бажовтың 140 жылдығына арналған көрмеге шақырады.
27 қаңтарда Павел Бажовтың туғанына 140 жыл толады, жазушының есімі Өскемендегі ең ұзын көшеге берілген.
Павел Петрович Бажов – «Малахитовая шкатулка» туындысының авторы. Оның ертегілері Орал өңірінің және Алтай аймағының халық ауыз әдебиетінен нәр алған десе болады.
1936 жылы оның «Девка Азовка», ал 1939 жылы «Малахитовая шкатулка» ертегілер жинағы жарық көрді. Бұл туынды бір рет Нью-Йорктегі халықаралық көрме үшін малахит және өзге де асыл тастармен әдемі безендіріліп, түптеліп те шығарылған. Бажовтың ертегілері әлемнің жүзге жуық тіліне аударылған.
Бажовтың кітаптарымен оқу залында таныса аласыздар (229 кабинет).
Баспасөз қызметі