Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.  

ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, орталық жұмысы қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге бағытталған.

- Орталықта шамамен 30 білім беру қызметі көрсетіледі, оның ішінде төртеуі - мемлекеттік, - деген ол орталықтың «Цифрлық Қазақстан» ,«Электронды үкімет», «Цифрлық университет» бағдарламалары аясында ашылғанын атап өтті.

Салтанатқа құрметті қонақ ретінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов пен «Алтай» арнасының директоры Аида Жабағиева қатысты.

Қызметтер қатарында:

* Транскрипт беру.

*Пәндерді, кредиттерді қайта тапсыру.

*Академиялық берешекті жою (жазғы семестр, қосымша оқыту).

*Жеке ведомость алу.

*Ауысу және қалпына келтіру.

*Академиялық демалыс беру (академиялық демалыстан шығу).

*Жоғары білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру.

*ТАӘ ауыстыру.

*Аттестатты, дипломды жеке істен уақытша беру.

*Оқу орнынан анықтама беру.

*Апелляцияға рұқсат алу

*Қайталама аттестацияға рұқсат алу.

*Емтихандық сессияны ұзарту.

*Өз еркінен оқудан шығу.

*Қайталама оқыту курсы.

*Ішкі академиялық ұтқырлық аясында оқыту.

*Тұрғылықты жері бойынша тіркеу.

*Шетелдік студенттерді тіркеу.

*Әскери есепке тұру.

*Студенттер үйінен орын беру.

«PARASAT» СҚКО мекенжайы: Гвардиялық дивизия, 38, 40.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo